Бүгін "Мерейлі отбасы - 2023" байқауының лауреаттары Тастеміровтер отбасы Сыңғырлау ауылында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
.
Отағасы 94 жастағы Шалабай ақсақал мен отанасы 85 жастағы Өріс ана бүгінде 13 бала, 45 немере, 58 шөбере тәрбиелеп отыр. Олар аудан үшін маңызды күнде балаларымен бірге келіп, таңдауын жасады.
Тастеміровтер әулеті үлкендерінің айтуынша, бүгінгі сайлау ауданның алдағы болашағын жарқын етіп, жаңа тыныс сыйлайды.
- Ауданымыздың өсіп-өркендеуі, жастарымыздың тәрбиелі де білімді болуы әрдайым маңызды. Бүгінгі сайлау берекелі ауданымыздың одан әрі дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Ел игілігі үшін қажетті жағдайды жасап, қызмет етуге құштар азамат әкім болғанын қалаймыз. Ең бастысы елдің тыныштығын тілейміз, - деді Тастеміровтер әулетінің үлкендері.
Сыңғырлау ауылында да сайлау қызу жүріп жатыр.